2017 жылға арналған Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № С-9/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 5823 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2017 жылға арналған Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Ганеева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының әкімі
А.Қиықов

      "10" ақпан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады