Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 5875 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңындағы 35-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңындағы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, тұрғындардың пікірін ескере отырып, жергілікті ұйымы жиналысының 2016 жылғы 05 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, тұғындардың пікірін ескере отырып, Тасөткел ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы, Жаркайың ауданы, Тасөткел ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Тасөткел ауылының Молодежная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      2) Тасөткел ауылының Набережная көшесі Мырзаш Бимұқанов көшесіне;
      3) Тасөткел ауылының Свердлова көшесі Баубек батыр көшесіне;
      4) Тасөткел ауылының Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тасөткел ауылының
әкімі
С.Саухимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады