Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 23-193 "Зеренді ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидаларын бекiту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 11-92 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 наурызда № 5792 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидаларын бекiту туралы" 2014 жылғы 14 наурыздағы № 23-193 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4088 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Зерен" және "Зерделі – Зеренді" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы А.Төлебаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Жүсіпбеков

      2017 жылғы "20" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады