Зеренді ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 23-193 шешімі. Ақмола облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 4088 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 11-92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 20.02.2017 № 11-92 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Зеренді ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрағасы К.Расқұлов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының әкімі М.Тәткеев

  Зеренді аудандық мәслихатының
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 23-193 шешімімен
бекітілген

Зеренді ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзудiң қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зеренді ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзiрлендi және ауыл, кент, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Зеренді ауданының ауылдарының, кенттердiң, ауылдық округтердiң аумағындағы ауылдың, кенттің, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

      3. Бөлек жиынды ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң әкiмi шақырады.
      Зеренді ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
      4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
      5. Ауыл, кент, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдың, кенттiң және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, кенттің, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
      7. Бөлек жиынды ауыл, кент, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
      Ауыл, кент, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, кент, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатураларын ауылдың, кенттің және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 % мөлшеріне сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
      Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, кент, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, кент және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады