Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 "Қазақстан, Ивановка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 5965 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауылдық округі әкімінің "Қазақстан, Ивановка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-107 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 18 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан ауылының, Ивановка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы";

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан ауылы және Ивановка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      шешімнің қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық
округінің әкімі
Т.Мұхамадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Балтағарин

      2017 жылғы "27" 04

      Зеренді ауданының
"Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е.Шәкіржанов

      2017 жылғы "27" 04

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады