Қазақстан ауылының, Ивановка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 1-14-107 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан ауылы және Ивановка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қазақстан ауылының, Ивановка ауылының көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Қазақстан ауылы:

      № 1 көшеге – Орталық атауы;

      № 2 көшеге - Мектеп атауы;

      2) Ивановка ауылы:

      № 1 көшеге - Орталық атауы;

      № 2 көшеге - Мектеп атауы;

      № 3 көшеге - Қылшақты атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданы
"Сәулет және қала
құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
В.М.Петрова
      Зеренді ауданы
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады