РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Барақпай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Барақпай ауылдық округінің Барақпай ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
2) Ленин көшесі Сарыарқа көшесіне;
3) Пионерская көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне;
4) Степная көшесі Жеңіс көшесіне;
5) Заречная көшесі Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Барақпай ауылдық округінің әкімі |
Ж.Әлібеков |