Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Васильев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округінің Тучное ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
2) Целинная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округінің Васильевка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Дружба көшесі Достық көшесіне;
2) Молодежная көшесі Жастар көшесіне.
3. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округінің Ұлан ауылының Ленин көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне қайта аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Васильев ауылдық округінің әкімі |
А.Кәрімжанов |