Сандықтау ауданы Жамбыл ауылдық округі Приозерное ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5799 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы Жамбыл ауылдық округінің Приозерное ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Лесная көшесі Сауран көшесіне;
      2) Юрий Гагарин көшесі Ақантау көшесіне;
      3) Дружба көшесі Сарыарқа көшесіне;
      4) Набережная көшесі Қарағайлы көшесіне;
      5) Северная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      6) Солнечная көшесі Қайым Мұхамедханов көшесіне;
      7) Центральная көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;
      8) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауылдық
округінің әкімі
В.Гуйван

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады