Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округінің Лесное ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Центральная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
2) Северная көшесі Достық көшесіне;
3) Приречная көшесі Жеңіс көшесіне;
4) Школьная көшесі Мектеп көшесіне;
5) Подлесная көшесі Бейбітшілік көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округінің Михайловка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Верхняя көшесі Бейбітшілік көшесіне;
2) Нижняя көшесі Мектеп көшесіне.
3. Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округінің Речное ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Центральная көшесі Орталық көшесіне;
2) Верхняя көшесі Бейбітшілік көшесіне;
3) Нижняя көшесі Достық көшесіне.
4. Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округінің Бастрымовка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Набережная көшесі Жастар көшесіне;
2) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;
3) Центральная көшесі Орталық көшесіне.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лесной ауылдық округінің әкімі |
А.Ким |