Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5782 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Новоникольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округінің Новоникольск ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Советская көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      2) Садовая көшесі Жеңіс көшесіне;
      3) Цветочная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      4) Пролетарская көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
      5) Первомайская көшесі Достық көшесіне;
      6) Гаражная көшесі Жібек жолы көшесіне;
      7) Юности көшесі Жастар көшесіне;
      8) 8 марта көшесі Наурыз көшесіне.
      2. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округінің Мысок ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Хуторок көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
      2) Зеленая көшесі Достық көшесіне.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Новоникольск ауылдық
округінің әкімі
К.Садуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады