Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Целиноград ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "25" қаңтардағы № А-1/33 қаулысымен бекітілген |
Целиноград ауданы бойынша 2017 жылға
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 2196 | 4258 | 23869,7 | 23869,7 |
2 | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | 378 | 0 | 8896,1 | 0 |
Бір тәрбиеленушіге бір айдағы шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік |
23869,7 | 23869,7 | 11000 | 16000 |
8896,1 | 0 | 0 | 0 |