Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 08.06.2020 № А-3/153 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № А-2/39 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-148 тіркелген, 2011 жылғы 2 наурызда "Призыв", "Ұран" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы 4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Нұресіл ауылы, Қажымұқан көшесі, 1, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мәдениет бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Воздвиженка ауылының мәдениет үйі" ғимараты жанындағы стенд.";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы 3-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Нұресіл ауылы, Қажымұқан көшесі, 1, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мәдениет бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Воздвиженка ауылының ауылдық мәдениет үйі" көрермендер залы.".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
А.Х.Абушев |
"29" наурыз 2017 жыл