Шортанды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 тамызда № 6048 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № С-24/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 26.01.2018 № С-24/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шортанды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С-45/5 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-18-147 тіркелген, 2012 жылғы 18 ақпанда аудандық "Вести" және "Өрлеу" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданы
әкімінің м.а.
Е.Мұхамедин

      11.07.2017 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Шортанды ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е.Аубакиров

      11.07.2017 ж.

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 11 шілдедегі
№ С-17/3 шешіміне
қосымша

Шортанды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

№ р/р

Салық салу объектісінің атауы

Айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерінде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы

20

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады