Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С-45/5 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда № 1-18-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 11.07.2017 № С-17/3 (ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы негізінде аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Шортанды ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу.

      2. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылдың 12 маусымындағы № С-16/4 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-72 тіркелді, 2009 жылдың 4 шілдесінде аудандық "Вести" газетінде және 2009 жылдың 4 шілдесінде аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық маслихаттың
сессия төрағасы
Я.Бельц
      Аудандық маслихаттың
хатшысы
Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі С.Қамзебаев
      Шортанды ауданы бойынша
Салық басқармасының
бастығы
Б.Молдахметова

  Шортанды аудандық мәслихатының
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ С-45/5 шешіміне қосымша

Шортанды ауданы аумағында қызметін
жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер
үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкалары (айлық есептік көрсеткіште)

1.

Бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз айын автоматы

6

2.

Бірнеше ойыншының қатысуымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3.

Ойын жүргізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

3

4.

Ойын жолағы

20

5.

Қарт

5

6.

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады