РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № а-2/97 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5902 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | Қ.Қарауылов |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "08" 11 № а-10/381 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | Жеке меншік | мемлекеттік | Жеке меншік | мемлекеттік | Жеке меншік | |
Бөбек-бақша | 200 | 896 | 25 182,53 | 22 779,35 | 11000 | 11000 |
Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 388 | 0 | 17 852,28 | 0 | 9000 | 0 |
Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 480 | 0 | 8926,14 | 0 | 0 | 0 |