2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № а-2/97 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 5902 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № а-10/381 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 08.11.2017 № а-10/381 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулының әрекеті 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Ташмағамбетов

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "24" 03
№ а-2/97 қаулысымен
бекітілген

      у

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Айына мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге)

Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

Бөбек-бақша

200

740 615

25 182,53

22 779,35

25 182,53

22 779,35

11000

11000

Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық

388

0

17 852,28

0

17 852,28

0

9000

0

Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық

480

0

8926,14

0

8926,14

0

0

0


      * Ескертпе: 2017 жылғы 01 қаңтардан 2017 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңге көзделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны.

      ** Ескертпе: 2017 жылғы 01 маусымнан көзделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады