РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бурабай ауданында 2018 жылға арналған жұмыс орындарының квоталарын белгіленсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | Қ.Қарауылов |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 20 " 11 № а-10/399 қаулысына 1 қосымша |
Бурабай ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бурабай ауданы Щучинск қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 80 | 2 |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 20 " 11 № а-10/399 қаулысына 2 қосымша |
Бурабай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | Бурабай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тазалық – Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 52 | 2 |
2 | "Кайсар-Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2 |
3 | "Кокшетау-Мельинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 115 | 1 |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 20 " 11 № а-10/399 қаулысына 3 қосымша |
Бурабай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | Бурабай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тазалық – Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 52 | 2 |
2 | Бурабай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Термо – Транзит" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 225 | 1 |
3 | Бурабай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бурабай Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 203 | 1 |