Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 215 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5587 болып тіркелді. 2017 жылдың 31 қазанына дейін қолданыста болды

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Қаулының әрекет ету мерзімі – 31.10.2017 дейін (қаулының 4-т.).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде 1 сәуірден 31 қазанға дейін жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 31 қазанына дейін қолданылады.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады