Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 5659 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 13 мамырдағы
  № 184 қаулысына
  қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
  2017 жылғы 11 қыркүйектегі
  № 314 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 13.05.2019 № 184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақтөбе облысы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы ұсынады.

      4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссиямен белгiленеді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Ақтөбе облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.

      7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады