Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 "2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 304 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 5660 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 "2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5464 тіркелген, 2017 жылғы 27-28 сәуірде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейінгі мөлшерін өтеу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің, асыл тұқымды ешкі сатып алу, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;

      2) 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда азыққа жұмсалатын шығындарын 100%-ға дейінгі, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е.Абдуллинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 304 қаулысына 1-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 1-қосымша

Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің, асыл тұқымды ешкі сатып алу, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері


 

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшем бірлігі

1 басқа субсидия нормативі, теңге

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5 000

2.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату*:

х

х

2.1.

өз төлінен өсіріліп отырған бір шарушылық субьектісінде аналық мал басы 2 000 бастан кем емес, етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

46 000

2.2.

қуаттылығы 1000 бастан асатын мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары

бас

49 000

2.3.

орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

132 000

2.4.

орташа жылдық сауымы 4000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

25 000

3.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

3

4.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

5.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92

6.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

7.

Асыл тұқымды ешкі малын сатып алу

бас

40 000

8.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

9.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Бал ара ұясы

20 000

      * Ескерту: субсидия бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігіні және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 304 қаулысына 2-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі№ 93 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда азыққа жұмсалған шығындарын 100%-ға дейінгі, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшемдер және талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.

2.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындарды өтеу

1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. 1000 бастан бастап мал бордақылау алаңдары үшін:
мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.
4. Орташа жылдық сүт көлемі 4 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 4 000 кг кем болмауы тиіс.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 304 қаулысына 3-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 3-қосымша

Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1.1.

Тауарлы аналық бас

1)

Базалық нормативі:

бас

10 000

70 080

700 800,0

2)

Қосымша нормативі:






төл беру шығымы 80%-дан бастап

бас

8 000

35 775

286 200,0


төл беру шығымы 60%-дан бастап

бас

6 000

25 792

154 752,0

1.2.

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық нормативі:

бас

10 000

13 988

139 880,0

2)

Қосымша нормативі:

2.1

төл беру шығымы 80%-дан бастап

бас

20 000

6 900

138 000,0

2.2

төл беру шығымы70%-дан бастап

бас

15 000

4 898

73 470,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

4 666

699 900,0

3.

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1)

Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап

бас

45 000

8 726

392 670,0

2)

Нақты бордақыланғаны 2 000 бастан бастап

бас

35 000

1 142,8

40 000,0

3)

Нақты бордақыланғаны 1500 бастан бастап

бас

30 000

1 500

45 000,0

4)

Нақты бордақыланғаны 1000 бастан бастап

бас

25 000

1 200

30 000,0

5)

Нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап

бас

20 000

2 000

40 000,0

6)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

бас

20 000

1 000

20 000,0

Барлық сомасы

2 760 672,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1.

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық нормативі:

бас

10 000

3 000

30 000,0

2)

Қосымша нормативі:






төл беру шығымы 70%-дан бастап

бас

20 000

1 500

30 000,0


төл беру шығымы 60%-дан бастап

бас

15 000

558

8 370,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

Отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

бас

170 000

200

34 000,0

2)

Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал


Еуропа және ТМД елдерінен

бас

150 000

200

30 000,0

3.

Сүт өндірудің құнын арзандату

1)

Жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

25

4 374 939

109 373,475

Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен**

35

3 825 061

133 877,135

2)

Жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

15

1 000 000

15 000,0

3)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

килограмм

10

7 000 000

70 000,0


Барлық сомасы




460 620,610

Мал шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5000

7 000

35 000,0

2.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағу

бас

100 000

1 050

105 000,0

Барлық сомасы

140 000,0

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату





1)

1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

килограмм

50

2 200 000

110 000,0

Барлық сомасы

110 000,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа құнын арзандату

1)

100 млн.данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,5

85 000 000

212 500,0

2.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

3

4 000 000

12 000,0

Барлық сомасы

224 500,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

1)

Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап

килограмм

100

5 800 000

580 000,0

Барлық сомасы

580 000,0

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

Асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

9 100

22 750,0

2)

Тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

129 912

194 868,0

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу





1)

Тұсақтар

бас

8 000

1 200

9 600,0

2)

Тұқымдық қошқарлар

бас

20 000

500

10 000,0

3.

Қозы етін өндіру құнын арзандату

бас

1 500

1 000

1 500,0

4

Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату

1).

Сапасы 50-ден басталатын жүн

Килограмм

100

18 000

1 800,0

Барлық сомасы

240 518,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

бас

100 000

100

10 000,0

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

бас

40 000

120

4 800,0

3.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

200 000

12 000,0

4.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92

250 000

23 600,0

Барлық сомасы

49 800,0

Түйе шаруашылығы

1.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

10 000

550,0

Барлық сомасы

550,0

Ешкі шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды мал сатып алу

бас

40 000

150

6 000,0

2.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

15 000

900,0

Барлық сомасы

6 900,0

Бал ара шаруашылығы

1.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Бал ара ұясы

20 000

350

7 000,0

Барлық сомасы

7 000,0

Азық өндіру

1.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына жұмсалған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату

бас

*

***

763 460,0

2.

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрама жем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату

тонна

20 000

3 594

71 864,390

Барлық сомасы

835 324,390

ЖИЫНТЫҚ сомасы

5 415 885,0

      Ескерту:* субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2-і тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.

      ** Министрлікпен келісу бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50%-ға дейін рұқсат етіледі.

      *** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады