Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 06.06.2022 № 167 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына және 444 бабының 1 тармағына, сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 36 "Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4939 тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымдағы "Ақтөбе" газетінде және 2016 жылғы 1 маусымдағы "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағында:
"бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
К. Масалимова | С. Шынтасова |