Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңның 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы № 284 "Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 болып тіркелген, 2015 жылғы 05 ақпанда "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "пайда болу" деген сөздері "түзілу" деген сөзімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "қалдықтар" деген сөзі "қалдықтардың" деген сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
4 бағанның атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м3";
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Өтегенов | С.Шынтасова |