Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 272 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 5831 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
Н. Махамбетов
      Ақтөбе қалалық мәслихатының
хатшысы
С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 272 шешімімен бекітілді

Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 05.03.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Ақтөбе қаласының әкімдігі, (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 05.03.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      Ескерту. 5 тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 05.03.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 22.11.2019 № 487 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 05.03.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады