Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 272 "Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5831 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
орыс тіліндегі мәтінінің 1-тармағына өзгеріс енгізіліп, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.";
қазақ тіліндегі мәтінінің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.";
орыс тіліндегі мәтінінің 6-тармағына өзгеріс енгізіліп, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Н. Махамбетов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Даржанова |