Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-70 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" сөздерімен ауыстырылсын;
көресетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және № 1 қосымшасында "ставкаларының", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша" сөздері "мөлшерлемелерінің", "қосымшаға", "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық | Әйтеке би адандық |
мәслихаттың сессия төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
Б.Сейлханов | Е.Таңсықбаев |