Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 "Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 246 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5817 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 06 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 "Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі қаулының 1 тармағында:

      екінші абзацтағы "рабочих" сөзі "работников" сөзімен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "рабочих мест" сөздері "работников" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Мулькаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ибрашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады