Байғанин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 64 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5418 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 143 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-94 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы, мәтініндегі және қосымшадағы "ставкаларын", "ставкалар", "ставкалары", "ставкаларының", "1 Қосымша", "үтелі" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелер", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің", "қосымша", "үстелі" сөздерімен ауыстырылсын;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы
      С. Жұбан Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады