Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 2 қорытындысы негізінде және Қарауылкелді ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
"Жаңа құрылыс-1" көшесі "Сәнше Есенбаева" есімімен;
"Жаңа құрылыс-2" көшесі "Қания Хайруллина" есімімен.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі |
Е. Калиев |