Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 5608 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 13.09.2017 № 7 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 маусымдағы № 77 ұсынысы негізінде, Миялы ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Миялы ауылдық округінің Миялы ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы:
К.Амангелды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады