Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қыркүекте № 5650 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 96 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің Миялы ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5608 болып тіркелген, 2017 жылдың 27 шілдесінде "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық округінің әкімі И.Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады