Ырғыз ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 22 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 наурызда № 5278 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 30.03.2018 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шахинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. ЕЛЕУСІЗОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады