Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 22 "Ырғыз ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 6 сәуірде № 3-5-177 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 22 "Ырғыз ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5278 болып тіркелген, "Ырғыз" аудандық газетінде 2017 жылы 17 наурызда № 11 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шахинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады