Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 маусымдағы № 85 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 маусымда № 5535 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 тіркелген, 2016 жылдың 12 сәуірдегі аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, айына 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;";

      қазақ тіліндегі 8 тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында "берген тізімдеріне сәйкес", "тізімі негізінде", "берген тізімдерге сәйкес" сөздері "ұсынған тізімдері негізінде", "тізімдері негізінде", "ұсынған тізімдері негізінде" сөздерімен ауыстырылсын.

      18 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында

      көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы Г. Бақтыбай
      Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы К. Қосаяқов
      Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Қ. Отаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады