Шектеу іс-шараларын алу және Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 23 "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 27 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қазанда № 5677 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 16-07/196 ұсынысы негізінде Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құмтоғай ауылдық округі Құмтоғай ауылы Қ.Шегебаев көшесінде ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 23 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 тіркелген, 2017 жылғы 09 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құмтоғай ауылдық
округі әкімінің міндетін
атқарушы
Ш. ӘБДІҒАЛИЕВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады