Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 03.10.2017 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 16-07/118 ұсынысы негізінде Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құмтоғай ауылдық округі Құмтоғай ауылының Қ. Шегебаев көшесінде ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмтоғай ауылдық округінің әкімі | Қ. Әбенов |