1. Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 2 "Мәртөк ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып енгізілген, 2014 жылғы 27 ақпанда аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының "Избирательный участок № 270" жолында "Казанка" сөзі "Казан" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының "№ 279 сайлау учаскесі" жолында "Веренка" сөзі "Достық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Н. Қалауов |