Мәртөк ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 175 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 мамырда № 5490 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 10.04.2018 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданының мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін;

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тілегеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады