Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйектегі № 309 "Сайлау өткiзу кезеңiнде үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 201 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 мамырда № 5507 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хлебодар ауылдық округін Сарыжар ауылдық округі және Хлебодаровка ауылын Сарыжар ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 261 шешімі мен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 440 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4123 болып тіркелген) сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 309 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4028 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы "Хлебодар" сөзі "Сарыжар" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулының оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады