Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1 "Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 5736 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Құрмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1 "Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-68 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14, 16 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Құрмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      орыс тіліндегі шешімнің атауында "найменований" сөзі "наименований" сөзімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі шешімнің деректемесінде "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі: Б. Амантурлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады