Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 111 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5586 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 27 мамырда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8 тармақта:

      1) тармақшада "8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде" сөздерінен кейін "уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;" сөздерімен толықтырылсын;

      қазақ тіліндегі шешімнің 2), 3) 4) тармақшаларында "берген тізімдеріне сәйкес", "тізімі негізінде", "берген тізімдерге сәйкес" сөздері "ұсынған тізімдері негізінде", "тізімдері негізінде", "ұсынған тізімдері негізінде" сөздерімен ауыстырылсын;

      18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2, 3), 4) тармақшаларында

      көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) арыз;

      2) жеке куәліктің көшірмесі;

      3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;

      4) 8) тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;

      5) жол жүру дерегін растайтын билеттер.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Темір аудандық мәслихатының Темір аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      Қ.ЕСҚАЛИЕВ Б.ІЗБАСОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының басшысы
      ________________Қ.Отаров
      "_____" _______________ 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады