Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 01 наурызда № 5274 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 20.06.2017 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 14-01/40 ұсынысы негізінде, Темір қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдары арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты,Темір қаласы аумағындағы "Аққұдық" қыстағында орналасқан "Тама Есет батыр" шаруа қожалығы аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір қаласының әкімі А.Қоқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады