Шектеу іс-шараларын алу және Темір қаласы әкімінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 шілдеде № 5559 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Респбуликасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының басшысының м.а. 2017 жылғы 11 мамырдағы №14-01/127 ұсынысы негізінде Темір қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір қаласы аумағындағы "Тама Есет батыр" шаруа қожалығының "Аққұдық" қыстағы аумағынан ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Темір қаласы әкімінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5274 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір қаласы әкімі А.Б.Қоқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады