"Ақсай селосының көшелерін атау туралы" 2008 жылғы 20 маусымдағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 5262 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсай селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 20 маусымдағы № 1 "Ақсай селосының көшелерін атау туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-83 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 маусымда аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілісін:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Ақсай ауылдық округінің әкімі Е.Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады