Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Ақсай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Ақсай ауылдық округ әкімі шешім етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
1. Ақсай ауылының атаулары жоқ:
1) N 1 көшесіне – Мүсіртау;
2) N 2 көшесіне – Латыпов Қарағұл;
3) N 3 көшесіне – Жаманағаш;
4) N 4 көшесіне – Нұрпейс Байғанин;
5) N 5 көшесіне – Қален Тұрдалин;
6) N 6 көшесіне – Төсбұлақ;
7) N 7 көшесіне – Жасыл;
8) N 8 көшесіне – Мектеп;
9) N 9 көшесіне – Рауан деген атаулар берілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
Ақсай ауылдық округінің әкімі | А.Әмір |