Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 7 "Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жойылды деп тану туралы
ЖаңаАқтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5288 болып тіркелді
1. Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылында қой және ешкі малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 7 "Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4996 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі А. Мустафин
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз