1. Тасқопа селолық округі әкімінің мемлекеттік тілінде 2008 жылғы 20 маусымдағы № 2 "Тасқопа селосы көшелеріне атау беру туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-81 тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілісін:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының", сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Тасқопа ауылдық округінің әкімі | М.Қожақова |