Тасқопа ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-81 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының", сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 03.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Тасқопа ауылдық округ әкімі шешім етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 03.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      1. Тасқопа ауылының атаулары жоқ:
      1) N 1 көшесіне Мектеп;
      2) N 2 көшесіне Астана;
      3) N 3 көшесіне Ашы–ойыл атаулары берілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Тасқопа ауылдық округі әкімі: Ж.Н.Қалмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады