Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 140 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 5609 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 27.04.2021 № 47 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Күзембаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады