Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 маусымда № 5554 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 02.10.2017 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 10 сәуірдегі № ВО-3-4/32 ұсынысына сәйкес, Қайыңды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Қайыңды ауылдық округінің "Көбек" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі С.Оскинбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады